Раиси: Бөгделердің араласуынсыз аймақ елдерінің әріптестігі – тұрақты қауіпсіздіктің басты шарты
Иран президенті Ирак Сыртқы істер министрімен кездесуінде: «Бөгделердің араласуынсыз аймақ елдерінің әріптестігі – тұрақты қауіпсіздіктің басты шарты»,-деп қуаттады.
Иран президенті кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сейіт Ибраһим Раиси сейсенбі күні Фуад Хұсейнмен кездесуінде Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Каземидің «Иракқа көршілес елдердің отырысына» шақырғаны үшін алғыс айтып: «Ирактың бұл отырысты өткізуге деген ниеті жақсы»,-деді.
Раиси Иранның әрдайым Ирактың қиыншылықтарын шешуге талпынатынын айтып: «Иран Ирактың дамуын өз дамуы санайды»,-деді.
Фуад Хұсейн осы кездесуде ел премьер-министрінің шақыруын Иран президентіне табыстап, Иракқа көршілес елдердің отырысын өткізуді осы елдің саяси үдерісін қорғау және экономикалық дамуын қолдау аясында ұйымдастырылып жатқан шара деп атап: «Бұл отырыс – аймақ елдерінің тұрақты қауіпсіздік қалыптастыру жолындағы ұжымдық әрекетіне негіз болатын қадам»,-деді.