Мәжіліс төрағасы: Ресей мен Ұлыбритания елшілерінің әдептен тыс әрекеттері тексеріледі
(last modified Thu, 12 Aug 2021 10:33:46 GMT )
Там 12, 2021 16:33 Asia/Almaty
  • Мәжіліс төрағасы: Ресей мен Ұлыбритания елшілерінің әдептен тыс әрекеттері тексеріледі

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы елдің СІМ-нен Теһрандағы Ресей мен Ұлыбритания елшілерінің әдептен тыс әрекеттерін тексеруді сұрады.

Қалибаф: «Елдің СІМ Теһрандағы Ресей мен Ұлыбритания елшілерінің дипломатиялық әдептен тыс «лайықсыз» әрекеттерін жылдым тексеруі тиіс»,-деді.

Қалибаф Твиттердегі жеке парақшасында Ресей мен Ұлыбритания елшілерінің 1953 жылы Теһранды оккупациялау конференциясын еске алып түскен ортақ суретке реакциясында: «Екі елші де тез арада ресми түрде істеген істеріне кешірім сұрауы керек. Болмаса, кесімді дипломатиялық реакция қажет болады»,-деп жазды.

ИИР Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф Теһрандағы Ресей мен Ұлыбритания елшілерінің Иран халқының намысын қорлайтын суретті жариялағанын қатты сынады.

Ұлыбританияның жаңа елшісі Саймон Шерклифф Теһрандағы Ресей елшілігіне барып, АҚШ президенті Франклин Рузвельт, Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчилл мен Кеңес одағының көсемі Йосиф Сталин  Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Иран үкіметінің рұқсатынсыз Теһран конференциясын өткізген жерде Ресейдің қазіргі елшісімен бірге естелік суретке түсті.