Генерал-майор Салами: Шекара қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық жоқ
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы ел шекарасының қауіпсіздігі толық сақталғанын айтып: «Иранның Қарулы күштері шекараларды жіті бақылап отыр»,-деді.
«Тасним» ақпарат агентігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан-е Разави облысының орталығы Мешхед қаласының айналасындағы вакцинациялау орталықтарын аралау барысында: «Жауапты басшылардың талпынысы, халықтың қолдауы және карантиндік ережелерді сақтауының арқасында коронавирусты ауыздықтауға болады»,-деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: «Халық өз міндетін атқаруы тиіс. Әрбір адам заң тұрғысынан да, дін тұрғысынан да осы індетті ауыздықтауға көмектесуге міндетті»,-деп еске салды.