Қазақстан кемелері Теңіз кубогы жарысына қатысу үшін Анзали айлағына келді
(last modified Mon, 16 Aug 2021 08:34:06 GMT )
Там 16, 2021 14:34 Asia/Almaty
  • Қазақстан кемелері Теңіз кубогы жарысына қатысу үшін Анзали айлағына келді

Иранның имам Реза (ғ.) атындағы теңіз күштерінің солтүстік флоты мен төртінші аймағы Қазақстан кемелерін қарсы алды. Қазақстан кемелері - Теңіз кубогы жарысына қатысу үшін Иран суларына енген алғашқы делегация.

Дүйсенбі күні таңертең "Маңғыстау" жəне "Сарыарқа" кемелері Анзали айлағына кірді. 

Анзалидегі Теңіз кубогы жарысының алтыншы кезеңіне Каспий теңізі маңындағы Əзірбайжан, Қазақстан мен Ресейден командалар келіп, жалпы 400-ге жуық спортшы қатысады. 

Бұл жарыс - Иран кемелерінің əскери күш-қабілетін Каспий маңы елдеріне көрсетуге берілген қолайлы мұрсат. Қатысушылардың саулығы коронавирус тесті арқылы тексерілді. Спортшыларға вакцина егілді. 

Əрбір елдің спортшылары өз кемелерінде орналасады, қалада жүрмейді. 

Жарыс екі кезеңде теңізде жəне жағалауда өткізіледі. Анзали айлағында кемелер сайысы, Чабаһар айлағында сүңгуіршілер сайысы өтеді.

VI Теңіз кубогы жарысы 19 тамызда басталып, 25 күнге созылады. 

Тегтер