Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет имам Хұсейнді (ғ.) аза тұту рәсімінің екінші кеші өтті
Имам Хомейни (р.) атындағы хұсейниеде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен шәһидтердің сардары хазірет имам Хұсейнді (ғ.) аза тұту рәсімінің екінші кеші өтті.
Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы рәсімде ходжат ул-ислам уалмуслемин Седдиқи сөз сөйлеп, діни басқарудың маңызды міндеттерінің бірін әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылықты азайту, езілгендердің құқығын зұлымдардан алу деп атап, діни үлемдердің Аллаға осы міндетті орындауға уәде бергенін айтып: «Бір жағында секуляризм және адамның Құдаймен байланысын бір жеке қатынас аясында шектеу тұр. Екінші жағында Аллаға адалдықты сақтап, осы маңызды қоғамдық жауапкершілікті орындау жатыр»,-деді.
Сондай-ақ осы рәсімде Саид Хаддадиан мадақтау мен жоқтау айтты.
Әлем шиіттерінің үшінші имамы мен оның сенімді серіктері х.қ.ж.с.б. 61 жылы 10 мұхаррамда Кербала даласында шәһид болды.