Ашура күніне орай Иранның түкпір түкпірінде аза тұту рәсімі өтіп жатыр
Исламдық Иранның мүмін халқы Ашура күніне орай Кербала даласында шәһид болған шиіттердің үшінші имамы хазірет Хұсейн(ғ.) мен оның сенімді серіктерін еске алып, аза тұтып жатыр.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, бейсенбі күні таңертең мұхаррам айының 10 күні хұсейниелер, текиелер, мешіттер мен басқа да жабық орындарда медициналық нұсқауларды сақтай отырып, аза тұту рәсімдері өткізілді.
Иранның түкпір‑түкпірінде аза тұту рәсімдері түске дейін созылады. Соңында аза тұтушылар имам Хұсейн(ғ.) мен оның сенімді серіктерінің түскі намазын еске түсіріп, Ашура күнінің түскі намазын оқиды.
Ашура күні кешке елдің түкпір‑түкпірінде «Шам-е ғарибан» рәсімі өтеді.
Иран халқының бір бөлігі аза тұту рәсімін үйде, елдің ұлттық арналары арқылы таратылатын бағдарламаларды тамашалап өткізеді.