Ашура күні қарсаңында Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен аза тұту рәсімі өтті
(last modified Thu, 19 Aug 2021 14:33:21 GMT )
Там 19, 2021 20:33 Asia/Almaty
  • Ашура күні қарсаңында Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен аза тұту рәсімі өтті

Ашура күні қарсаңында имам Хомейни (ғ.) хұсейниесінде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен аза тұту рәсімі өтті.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ходжат ул-ислам уалмуслемин Мирхашем Хұсейни осы рәсімде сөз сөйлеп, Кербала даласын хазірет Аба Абдулла мен оның сахабаларының қадір-қасиетін көрсеткен және бүкіл әлемнің осы ұлы тұлғаның берекесін көрген сахна деп атап: «Надандық, дүниеқоңыздық, өлім мен ақыреттен ғапылдықты таратуға тырысқан язидтік ағымға қарсы имам Хұсейннің (ғ.) қозғалысы құдайшылық, хабардарлық, көрегендікті сақтау, екіжүзділікті жою, халыққа қызмет ету және олардың қажеттіліктерін өтеуге негізделген»,-деді.

Сондай-ақ осы рәсімде Мейсам Мотии жоқтау айтты.