Саликорния – елге валюта тарта алатын емдік шөп
https://itolqyn.com/news/iran-i54806-Саликорния_елге_валюта_тарта_алатын_емдік_шөп
Гүлістан облысының Бандар-Түркаман қаласында теңіз суы тартылған жағалауда саликорния өсіп жатыр.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 25, 2021 13:03 Asia/Almaty

Гүлістан облысының Бандар-Түркаман қаласында теңіз суы тартылған жағалауда саликорния өсіп жатыр.

Саликорния (Salicornia) – тұзды жерді жақсы көретін өсімдік. Ол теңіз жағасында өседі. Теңіз суының екі есе тұздылығына шыдайды.

Иранның ауылшаруашылық биотехнологиясы институтының ғылыми кеңесінің мүшесі доктор Ниразам Хушхолқ Сима саликорнияның экономикалық маңыздылығы туралы: «Әлемдік нарықта 1 кг саликорния 50 доллар тұрады»,-деді.

Доктор Ниразам Хушхолқ Сима: «Саликорния құрамында натрий мөлшері төмен. Жүрегі, бауыры, бүйрегі ауыратындар мен жоғары қан қысымына ие адамдар осы емдік шөпті пайдала алады»,-деді.