Иран: Санкциялар бізге коронaвирусқа қарсы вакцинаны уақытында жасап шығаруға кедергі болды
ИИР БҰҰ Бас Ассамблеясының үшінші комитетіндегі мәлімдемесінде адамгершілікке жат және заңсыз біржақты санкцияларды сынап, олардың Иран үшін коронaвирусқа қарсы вакцинаны уақытында жасап шығаруға кедерге болғанын жариялады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, БҰҰ Бас Ассамблеясының үшінші комитетінде ИИР-ның бұл ұйымдағы дипломаттарының бірі Мұхаммад Құрбанпурмен оқылған мәлімдемесі: «Өкінішке орай, кейбір елдер гуманитарлық тауарлар санкциялардан босатылады деп мәлімдейді, бірақ қорқынышты өтірік. Шын мәнінде, басқаларға адам құқықтары туралы кеңес беретін және өзін адамдық қадір-қасиеттің қорғаушысы ретінде көрсететіндер бұл салада қажетті шешімділік пен ерік-жігер білдірмес түгіл, адам құқықтары жөніндегі міндеттемелерін орындауда екіжүзділік білдіреді,- деп айтылды.