Иранның Куһранг ауданында болған жер сілкінісінен 8 адам жарақат алды
https://itolqyn.com/news/iran-i55680-Иранның_Куһранг_ауданында_болған_жер_сілкінісінен_8_адам_жарақат_алды
Иранның Куһранг ауданында жер сілкінісі болып, 8 адам жараланды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 04, 2021 16:37 Asia/Almaty

Иранның Куһранг ауданында жер сілкінісі болып, 8 адам жараланды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Шаһркорд қаласындағы Медицина университетінің төтенше жағдайлар және жедел жәрдем орталығының басшысы Мұхаммед Хейдари: «Куһранг ауданында 5,7 баллдық жер сілкінісі болған соң жедел жәрдем орталығының қызметкерлері «дайын бол» жағдайына келтірілді. Осы күнге дейін зілзаладан зардап шеккен  8 адамға көмек көрсетті. Олардың жарақаты ауыр болмаған соң ауруханаға жатқызылмады»,-деді.