Қаз 04, 2021 20:18 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 238 адамның қайтыс болғанын, жалпы құрбандар санының 121347 адамға жеткенін хабарлады.

Өткен бір тәулікте Иранда коронавирусқа қарсы вакцинаның  1082826 дозасы егілді. Жалпы осы күнге дейін Иранда 58759840 вакцина дозасы салынды.   

Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес кешеден бүгінге дейін тағы 14607 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың ішінен 2163 адам ауруханаларға жатқызылды. Жалпы індетке шалдыққандар саны 5638735 адамға жетті. Осы уақытқа дейін 5115796 науқас емделіп, ауруханадан шықты.

Тегтер