Коронавирус: Ирандағы жағдай
Қаз 06, 2021 20:11 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 216 адамның қайтыс болғанын хабарлады.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 216 адамның қайтыс болғанын және жалпы құрбандар санының 121779 адамға жеткенін хабарлады.
Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес Иранда кешеден бүгінге дейін тағы 10497 адамнан COVID-19 анықталды. Жалпы індетке шалдыққандар саны 5662458 адамға жетті. Осы уақытқа дейін 5153047 науқас емделіп, ауруханадан шықты.
Тегтер