Коронавирус: Ирандағы жағдай
https://itolqyn.com/news/iran-i55738
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 216 адамның қайтыс болғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 06, 2021 20:11 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 216 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырған 216 адамның қайтыс болғанын және жалпы құрбандар санының 121779 адамға жеткенін хабарлады.

Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес Иранда кешеден бүгінге дейін тағы 10497 адамнан COVID-19 анықталды. Жалпы індетке шалдыққандар саны 5662458 адамға жетті. Осы уақытқа дейін 5153047 науқас емделіп, ауруханадан шықты.