Иран балалары әлем балаларына хат жазды
(last modified Fri, 08 Oct 2021 12:48:54 GMT )
Қаз 08, 2021 18:48 Asia/Almaty
  • Иран балалары әлем балаларына хат жазды

Бір топ ирандық балалар әлемдегі құрдастарына жолдаған ашық хатында Халықаралық балалар күнімен құттықтады және әртүрлі елдердің балалары мен адамдарына соғыс пен өшпенділіктің орнына бейбітшілік пен достық тіледі.

 

 

Иран студенттері ақпарат агенттігінің (ISNA) жұма күнгі хабарлауынша, Халықаралық балалар күніне және шамси күнтізбесіндегі 1400 жылдың Ұлттық балалар апталығына орай жазылған бұл хатты Иранның Балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалды даму орталығы мен Ұлттық балалар апталығы хатшылығымен аударылып, басқа елдер балаларына жеткізілу үшін Теһрандағы елшіліктерге жіберіледі.   Сондай-ақ, меһр айының 16-22 аралығында Иранның түпкір-түпкірінде өтетін Ұлттық балалар апталығы шәһид  жасөспірім Әли Ландиді еске алу болады.

Шейіт Али Ланди, 15 жастағы Изе жасөспірімі, 2014 жылдың 9 қыркүйегінде көршісінің үйінде өрт шыққаннан кезде, өртте қалған орта жастағы екі әйелді құтқарды. Бірақ өзі 91 пайыз күйік алып,  жарақатының ауырлығынан 23 қыркүйекте шәһид болды.