Коронавирус: Ирандағы жағдай
Қаз 16, 2021 21:57 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі осы күнге дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын 48015159 адам, екінші дозаны 23343118 адам алғанын және жалпы елде вакцинаның 71358277 дозасының егілгенін жариялады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте елде коронавирусқа қарсы вакцинаның 828483 дозасы егілді. Кешеден бүгінге дейін нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес тағы 7515 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 1197-і ауруханаға жатқызылды. Өкінішке орай өткен тәулікте COVID-19 салдарынан 181 адам қаза болды және бұл індеттен өлгендердің саны123876 адамға жетті. Қуанышқа орай осы кезге дейін 5309992 адам жазылып, ауруханадан шықты.
Тегтер