Халықаралық Мұстафа сыйлығының лауреаттары жарияланды
(last modified 2021-10-22T12:42:37+00:00 )
Қаз 22, 2021 18:42 Asia/Almaty

Исламдық Нобель деп аталатын төртінші хазірет Мұстафа (с.ғ.с.) атындағы әлемдік сыйлық лауреаттары жарияланды және оларға құрмет көрсетілді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, ИИР Президентінің ғылым және технология жөніндегі орынбасары әрі Ғылым, зерттеу және технология министрі, сонымен қатар Иран мен ислам әлемінің бір топ ойшылдары, ғалымдары мен белсенділері қатысқан рәсімде бес адам марапаталды.

Сәйкесінше, ирандық Камран Вафа, пәкістандық Иқбал Чаудри, ливандық Мұхаммед Сайеғ, марокколық Яхья Тиалати және бангладештік Захид Хасан хазірет Мұстафа (с.ғ.с.) атындағы екі жыл сайын тапсырылатын төртінші әлемдік сыйлығын алды.

 

Тегтер