Раиси: Иран Пәкістанмен экономикалық және қауіпсіздік қатынастарын арттыруда ешқандай шектеу қоймайды
(last modified Wed, 27 Oct 2021 10:07:56 GMT )
Қаз 27, 2021 16:07 Asia/Almaty

ИИР Президенті сейсенбі күні Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмудпен кездесуінде Иранның Пәкістанмен экономикалық және қауіпсіздік қатынастарын арттыруда ешқандай шектеулерінің жоқтығын қуаттап, екі ел арасындағы экономикалық және саяси делегациялардың алмасуы ынтымақтастықты дамытуға көмектесетініне тоқталды.

 

Иран Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бұл кездесуде сонымен қатар Ауғанстан тақырыбына назар аудартып, бұл елдің қиындықтарының Иранды алаңдатуларына сілтеме жасап: «Біз Ауғанстан халқының қауіпсіздігі, бейбітшілігі менн достығы туралы ойлаймыз және Пәкістан бұл салада жықсы ынтымақтастық жасай алады»,- деді.  Раиси АҚШ-тың Ауғанстаннан шығарылуынан кейін ДАИШ тудырған қауіпсіздікке алаңдаушылық білдіріп: «Біз Ауғанстандағы проблемаларды американдықтардың ісі деп санаймыз, өйткені ДАИШ лаңкестік тобын АҚШ құрған».- деп сөзін жалғады.

Пәкістан Сыртқы істер министрі де осы кездесуде: «Ауғанстанның көршілері ретінде Иран мен Пәкістан халқының арасында осы елде ұлттық бейбітшілік пен келісімнің орнатылуына талпыну деген сезім бар»,- деді.