Иран Өзбекстанмен қарым-қатынасты дамытуға ешқандай шектеу қоймайды
(last modified Wed, 27 Oct 2021 10:36:32 GMT )
Қаз 27, 2021 16:36 Asia/Almaty

ИИР Президенті сейсенбі күні Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен Теһрандағы кездесуінде екі елдің қарым-қатынасын туысқандық және кеңейіп келудедеп бағалап: «Иран Өзбекстанмен түрлі саяси, экономикалық және мәдени салалардағы қарым-қатынастарды дамытуға ешқандай шектеу қоймайды»,- деді.

 

Иран Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибархим Раиси бұл кездесуде екі елдің аймақтағы, әсіресе Ауғанстандағы жағдайға қатысты ортақ алаңдаушылығына тоқталып: «Шетелдіктердің, әсіресе АҚШ-тың Ауғанстанда болуының нәтижесі қайғы-қасірет, кісі өлтіру, қантөгіс және  елді артта ұстап тұрудан басқа ештеңе емес. АҚШ Ауғанстаннан шыққан қазіргі жағдайда, біз оның халқына бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнатуға көмектесуіміз керек»,- деп мәлімдеді.

Абдулазиз Камилов те Өзбекстанның ИИР-ның Ауғанстандағы жағдайды зерттеу жөніндегі бастамасын құптайтынан тоқталып: «Алпауыт державалар Ауғанстан үшін ештеңе істей алмады, сондықтан Теһран саммитінің саяси маңызы зор және біз оның нәтижесін толық қолдаймыз»,- деді.