Иран-Тәжікстан қарым-қатынасында жаңа кезең басталды
ИИР Президенті сейсенбі күні Теһранда Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддинмен кездесуінде екі ел мен екі халықтың тарихи, діни және мәдени ортақтығы терең екеніне тоқталып: «Бұл мүмкіндіктер қарым-қатынастарды одан сайын жақындату мен ынтымақтастықты нығайту үшін пайдаланылуы керек»,- деді.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибархим Раиси бұл кездесуде Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату үшін көршілес елдер, әсіресе Иран мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын баса айтып: «Біз барлық ауғандық этникалық топтар мен саяси топтардан тұратын инклюзивті үкімет құруға талпынудамыз. Ауғанстанда осы елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, соғысты, қантөгісті, ағайындық қырғынды тоқтататын инклюзивті үкімет болуы керек.
Тәжікстан Сыртқы істер министрі де бұл кездесуде Тәжікстанның Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдіруіне назар аудартып, Ауғанстанда елдің барлық этникалық топтары мен ауған халқын құрметтейтін үкіметтің құрылуы қажеттлігін қуаттады.