Коронавирус: Ирандағы жағдай
https://itolqyn.com/news/iran-i56224
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: "Өткен тәулікте елде 197 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 125716 адамға жетті",- деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 27, 2021 20:24 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: "Өткен тәулікте елде 197 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 125716 адамға жетті",- деп хабарлады.

 

Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес кешеден бүгінге дейін тағы 10644 адамнан COVID-19 анықталды және олардың 1462-і ауруханаға жатқызылды. Жалпы індетке шалдыққандар саны  5888100 адамға жетті. Осы мәліметке сәйкес, осы күнге дейін 5455329 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылды.