Бақери: Иранның 4+1 тобымен келіссөздердегі мақсаты – залым санкцияларды жою
https://itolqyn.com/news/iran-i56286
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары жұма күні Russia Today тілшісіне берген сұхбатында Иран делегациясының Брюссельге сапарының нәтижелері туралы: «Біздің 4+1 тобымен келіссөздердегі мақсатымыз – АҚШ-тың Иранға қарсы залым әрі заңсыз санкцияларын жою. Осыған орай біз еуропалық тараппен шарттар, талаптар және нақты нәтижелерге қол жеткізу туралы сөйлестік»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 30, 2021 17:19 Asia/Almaty
  • Бақери: Иранның  4+1 тобымен келіссөздердегі мақсаты – залым санкцияларды жою

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары жұма күні Russia Today тілшісіне берген сұхбатында Иран делегациясының Брюссельге сапарының нәтижелері туралы: «Біздің 4+1 тобымен келіссөздердегі мақсатымыз – АҚШ-тың Иранға қарсы залым әрі заңсыз санкцияларын жою. Осыған орай біз еуропалық тараппен шарттар, талаптар және нақты нәтижелерге қол жеткізу туралы сөйлестік»,- деді.

 

Али Бақери ядролық келіссөздердегі алға ілгерілеуді қарсы тараптың заңсыз санкцияларды алып тастау еркімен байланыстырды. Бақери сондай-ақ діни жетекшінің ядролық қаруды өндіруге, иеленуге немесе пайдалануға тыйым салатын пәтуасына сілтеме жасап, Иранның ядролық жұмыстарын азаматтық және бейбіт мақсатты жариялады. Бақери сионистік режимнің Иранға қарсы айыптауына тоқталып: «Бұл режим Батыс Азиядағы ядролық қарудың жалғыз иесі, сондықтан ешкімді айыптай алмайды»,- деп баса айтты.