Камалванди: Иранның 20 пайызға байытылған уран қоры 210 кг-дан асты
https://itolqyn.com/news/iran-i56446-Камалванди_Иранның_20_пайызға_байытылған_уран_қоры_210_кг_дан_асты
Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы: "Елдің 20 пайызға байытылған уран қоры 210 кг-дан асты. Осы күнге дейін 60 пайызға байытылған 25 кг уран өндірілді",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 05, 2021 17:10 Asia/Almaty
  • Камалванди: Иранның 20 пайызға байытылған уран қоры 210 кг-дан асты

Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы: "Елдің 20 пайызға байытылған уран қоры 210 кг-дан асты. Осы күнге дейін 60 пайызға байытылған 25 кг уран өндірілді",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауынша, Бехруз Камалванди Теһранда "Иранның ядролық жетістіктері" атты көрме аясында тілшілерге берген сұхбатында ИИР-ның ядролық технология саласындағы айтарлықтай жетістіктеріне тоқталып: "Біз атом және нано сияқты технология салаларында қаншалықты дамысақ, тежегіш қуатымыз соншалықты артады",-деді.

Камалванди америкалықтардың Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бастап Иранға үстемдігін қайтаруды көздегенін айтып: "АҚШ қазір құлдырап барады. Ешқашан аймақта мұншалықты әлсіз болған емес. Ал Иран күн сайын нығая түсуде",-деді.