Моттаки: Сақшылар корпусының теңіз күштері америкалық әскерилерден басым түсті
https://itolqyn.com/news/iran-i56448
Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі басшысының халықаралық істер жөніндегі орынбасары: "Сақшылар корпусының теңіз күштері Оман теңізінде Иран мұнайын ұрламақшы болған америкалық әскерилерден басым түсіп, оларды сәтсіздікке ұшыратты",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 05, 2021 17:46 Asia/Almaty
  • Моттаки: Сақшылар корпусының теңіз күштері америкалық әскерилерден басым түсті

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі басшысының халықаралық істер жөніндегі орынбасары: "Сақшылар корпусының теңіз күштері Оман теңізінде Иран мұнайын ұрламақшы болған америкалық әскерилерден басым түсіп, оларды сәтсіздікке ұшыратты",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Манучехр Моттаки кеше, бейсенбі күні 13 абан – АҚШ-тың тыңшылық ұясын басып алған күнге орай Бушер облысы тұрғындарымен кездесуінде: "Америкалықтардың абыройы тағы да төгілді. Сақшылар корпусының теңіз күштері оларға тағы бір сабақ берді",-деді.

Ол: "Бүгінде әлемнің түрлі жерінде Иран халқы жайлы дұрыс пікір қалыптасып жатыр. Әлемдегі саяси сарапшылар ИИР-ның жолдауын қазіргі жағдайдың орнын басатын өркениет тудырушы идея ретінде бағалап отыр",-деді.