Иран жағажай футболы бойынша құрлықаралық кубоктың финалисті атанды
(last modified Sat, 06 Nov 2021 10:27:38 GMT )
Қар 06, 2021 16:27 Asia/Almaty
  • Иран жағажай футболы бойынша құрлықаралық кубоктың финалисті атанды

Иранның жағажай футболы ұлттық құрамасы Сенегалды жеңіп, БАӘ-2021 Құрлықаралық кубогының финалына шықты.

Иран мен Сенегал ұлттық құрамалары арасындағы БАӘ-2021 жағажай футболы турнирінің жартылай финалдық ойыны жұма күні өтті. Иран Сенегалды 7-5 есебімен жеңді. Иран мен Ресей арасындағы финалдық ойын бүгін, сенбі күні өтеді.