Иран-Пәкістан ортақ сауда комитетінің тоғызыншы отырысы басталды
Иран-Пәкістан ортақ сауда комитетінің тоғызыншы отырысы Теһранда басталды.
Жиында банк, кеден, шекаралық нарық, тауар айырбастау және карантин мәселелері талқыланады. Кездесуден кейін екі жақтың сауда делегацияларының комитеттері екі тарап арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқыға салады. Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі пәкістандық компанияларға Ирандағы сауда кедергілерін жоюға дайын екеніні тоқталып: «Қабылданған шаралармен алдағы үш ай ішінде бар кедергілер жойылып, сауда жолы ашылады және Пәкістан билігі бұл мүмкіндікті ирандық компанияларға береді деп үміттенеміз. Бұл отырыста Пәкістан Премьер-министрінің сауда және инвестиция жөніндегі кеңесшісі Абдуразак Дауд: «Екі ел арасындағы тауар саудасынан басқа салаларда да алға ілгерлету және екі елдің мәдени мен экономикалық белсенділері арасындағы қарым-қатынасты дамыту қажет»,- деді.