Қалибаф: Қоғамның дамуы «Біз істей аламыз» деген ұранға тікелей байланысты
https://itolqyn.com/news/iran-i56594
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Қоғамның дамуы «Біз істей аламыз» деген ұранға тікелей байланысты»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 11, 2021 19:01 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Қоғамның дамуы «Біз істей аламыз» деген ұранға тікелей байланысты»,-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф бүгін, бейсенбі Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің шәһидтері мен қажы Хасан Теһрани Мұқаддамның шәһид болғанына 10 жыл толуына орай өткен еске алу рәсімінде: «Әуе-ғарыш күштері өз жауынгерлерінің талпыныстарының арқасында елдің қауіпсіздігін құрлықта, әуеде және теңізде кепілдендіретін күшке айналды»,-деді.  

Қалибаф: «Бір қоғам, күш, халық пен үмбеттің абыроймен дамуы мен қор болып тәуелдікке түсуінің арасы «Біз істей аламыз» деген рухқа тікелей байланысты»,-деді.

Қалибаф Ислам революциясының абырой-айбыны мен салтанатын біздің тәуелсіздік талап етуші рухымыз бен мәдениетімізден туындаған дүние деп атап: «Қазіргі таңда түрлі салаларда, соның ішінде құрлықтағы, әуедегі және теңіздегі қауіпсіздік осы рухтың арқасында сақталып отыр»,-деді.