Razi Cov Pars ирандық вакцинасы 9-12 ай бойы иммунитетті сақтайды
(last modified Sun, 14 Nov 2021 10:46:17 GMT )
Қар 14, 2021 16:46 Asia/Almaty
  • Razi Cov Pars ирандық вакцинасы 9-12 ай бойы иммунитетті сақтайды

Иранның Razi зерттеу институтының вакцинаны зерттеу және дамыту бөлімінің басшысы: «Зерттеулер көрсеткендей, Razi Cov Pars ирандық вакцинасы қалыптастыратын иммунитет 9-12 айға созылады»,-деді.

Реза Бани Хашеми: «Razi Cov Pars вакцинасы адам денесінің жасушалық иммунды жүйесінің белсендігін арттырады, сондықтан иммунитетті ұзақ уақытқа сақтай алады»,-деді.

Razi Cov Pars – рекомбинацияланған ақуыздан түзілген екпе және инголяция қалыбында қолданылатын алғашқы вакцина. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қағидаттары мен елдің ең қатаң протоколдарына сәйкес жасалып жатыр.

Вакцина жасау саласында 100 жылдық тарихы бар Razi зерттеу институты өткен жылдан бері коронавирусқа қарсы вакцина жасаумен айналысып жатыр.