Шәһид Сардар Қасем Сүлейманидің өлтірілуіне қатысты Біріккен тергеу комитетінің бірінші отырысы өтеді
Сот билігі басшысының халықаралық істер жөніндегі орынбасары және адам құқықтары жөніндегі штабтың хатшысы Казем Ғарибабади 2021 жылдың 24 және 25 қарашасында Иракта Сардар Қасем Сүлейманидің өлтірілуіне қатысты Біріккен тергеу комитетінің бірінші отырысының өтетінін хабарлады.
2020 жылы 3 қаңтарда Ирак басшыларының ресми шақыруымен Иракқа сапар шегу кезінде Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Сардар Сүлеймани Ирактың Хашд әш-Шааби халық ерік күштері қолбасшысының орынбасары Әбу Маһди әл-Мохандес және басқа 8 адам бірге Бағдад әуежайының маңында америкалық агрессорлар мен лаңкестердің әуе соққысынан қаза тапты. Генерал Қасем Сүлеймани терроризммен күресте табысты әскери стратег ретінде АҚШ пен Израильдің аймақты бөлу жоспарын сәтсіздікке ұшыратты. Ресейлік саяси сарапшы Александр Князев: «ДАИШ-тың американдық RAND институтының талдау орталығында құрылғаны анық. Ал Қасем Сүлеймани Вашингтонның Батыс Азия кеңістігін адамгершіліктен айыру, кейін мұны басқа көршілес аймақтар мен бүкіл әлемге тарату жоспарларын жүзеге асыруға кедергі болды»,- деді. Генерал Қасем Сүлейманиді өлтіру, кез келген жағдайда, халықаралық құқық заңы пен БҰҰ Жарғысының ережелерін айқын бұзу, соның ішінде Ирактың ұлттық егемендігін, сондай-ақ басшылардың иммунитетін және халықаралық талаптарды бұзу болып табылады. Осы факторларды ескере отырып, АҚШ-тың лаңкестік әрекетін екі тұрғыдан қарастыруға болады. Оның бірінші аспекті - өзара жауап. Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Сардар Хаджизаде Сардар Қасем Сүлейманидің қаны үшін кек алу және Айн әл-Асад базасына жасалған шабуыл туралы: «Айн әл-Асадқа жасалған шабуылдан бөлек, Сардар Сүлейманиге террор жасаған қылмыскерлерді жауапқа тарту мәселесі көтеріліп, бүгінде жағдай американдықтардың аймақта оңай қарым-қатынас жасай алмайтын дәрежеге жетті»,- деді. Халықаралық заңдар мен құқыққа сәйкес, Иран БҰҰ Жарғысының 51-бабы бойынша халықаралық қағидалар мен стандарттарға сәйкес өзінің барлық құқықтарын жүзеге асыруға құқылы.
БҰҰ-дағы Иран елшісі бұл ұйымның Бас хатшысы Антони Гутерришке жолдаған хатында: «ИИР өзін-өзі қорғауға тән құқығын жүзеге асыру үшін халықаралық құқық бойынша өзінің барлық құқықтарын сақтайды»,- деді. Екінші аспект – бұл қылмысқа қатысты істі құзырлы органдар мен халықаралық ұйымдар арқылы қадағалау мәселесі. АҚШ-тың Ирак жеріндегі лаңкестік әрекеті елдің аумақтық тұтастығын бұзу болып табылады және осыған байланысты халықаралық бұзушылықтарға АҚШ жауапты. Иран мен Ирактың шәһид Сардар Қасем Сүлейманидің өлтірілуіне қатысты Біріккен тергеу комитетінің бірінші отырысын өткізуге бел байлауы осы талапты орындауға баса мән беру болып табылады.