Шәһид Сейед Хашим Сафиаддин кім болды?
(last modified Mon, 24 Feb 2025 10:52:30 GMT )
Ақп 24, 2025 16:52 Asia/Almaty
  • Шәһид Сейед Хашим Сафиаддин кім болды?

ParsToday - Ливандағы Хизболланың Атқарушы кеңесін басқарған және шәһид Сейед Хасан Насролланың орнына қалушы адамдардың бірі ретінде қарастырылған Сейед Хашим Сафиаддин 2024 жылы 3 қазанда Бейрутте Израиль әуе шабуылының нысанасына айналып, шәһид болды.

Ливандағы Хизболланың шәһид Бас хатшы Сейед Хасан Насролла мен саяси кеңесінің шәһид төрағасы Сейед Хашим Сафиаддиннің мәйіттері жексенбі күні (2025 жылдың 23 ақпаны) Ливанның оңтүстігінде жерленді. ParsToday осы орайда Сейед Хашим Сафиаддин өміріне қысқаша шолуды ұсынады.

Шәһид Сейед Хасан Насролланың нағашы апасының перзенті Хашим Сафиаддин 1964 жылы Ливанның оңтүстігінде атақты отбасында дүниеге келген. 1980 жылдары ол Иранның Құм қаласына туысы Сейед Хасан Насролламен бірге діни ғылымдарды үйренуге барады. 1983 жылы ол Ливан шиіттерінің Ислам кеңесі заң шығарушы кеңесінің мүшесі Мұхаммадәли Әл-Аминнің қызына үйленді. 1994 жылы Насролла Хашим Сафиаддинді Хизболланың Бейрут аймағының басшысы етіп тағайындады. Содан кейін ол 1995 жылы Хизболланың әскери қызметіне жауапты Жиһад кеңесінің төрағалығын қабылдады. 1998 жылы Сафиуддин атқарушы кеңестің басшысы болып көтерілді.

Сейед Хашим Сафиаддин

Сейед Хашим Сафиаддин Батыс Азиядағы лаңкестікпен күрес ирандық қолбасшысы генерал қажы Қасым Сүлейманиге ерекше құрметпен қарады және бұл шәһид туралы: «Оның (генерал Сүлейманидің) болуы шабыттандырды. Біз білетін адам майдан адамы еді. Ол шайқас адамы,  шешім қабылдайтын және мәселені шешетін адам еді. Оның рөлін басқа ешкім атқара алмас еді»,- деді.

Сейед Хашим Сафиаддин 2008 жылдан бері Америка Құрама Штаттарының санкциялар тізімінде және 2017 жылдан бері АҚШ-тың қара тізімінде.

2023 жылдың мамырында оның өлтірілгені туралы хабар Ливанда жарияланды, кейін ол жоққа шығарылды. Израиль армиясының 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Ливанға жасаған шабуылынан кейін БАҚ қастандық нысанасы ретінде Сейед Хашим Сафиаддинді анықтады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, ол шабуылдан аман қалды, бірақ ақырында Сафиаддин 2024 жылдың 3 қазанында Израильдің Ливандағы Бейрутке жасаған әуе шабуылында көптен күткен шәһид болу тілегіне жетті.

Сейед Хашим Сафиаддин шәһид болудан бірнеше сағат бұрын уәде етілген құтқарушы Имам Мәһдиге (ғ.с.) арнап, былай деп жазды: «Менің өміріме аз ғана қалды; Сені көрмей мәңгі әлемге кеткенімді қалайсың ба?»

 

Ислам революциясының жетекшісі мен Иран қайраткерлерінің Сафиаддиннің шәһид болуынан кейінгі жолдауы

Ислам революциясының жетекшісі имам Хаменеи Сейед Хашем Сафи ад-Диннің шәһид болғаннан кейін былай деп жазды: «Ливанның оңтүстігіндегі Литани, Тир және сол аймақтағы басқа қалаларды  басып алу қаупін және оны басып алынған Палестинаға қосу қаупін Ливаннан алыстатқан оның және Насролла осінің басқа қолбасшылары мен жауынгерлерінің батылдығы мен құрбандығы болды. Ол осы елдің аумақтық тұтастығын қорғау үшін Хизболланың асыл жандарын, дүние-мүлкін және беделін майдаеға шығарып, басқыншы әрі қылмыскер сионистік режимді сәтсіздікке ұшыратты. 

Шәһид Сафиаддин имам Хаменеидің құшағында

Масуд Пезешкиан  Хизболлаи қозғалысының Атқару кеңесінің басшысы Сейед Хашим Сафиаддиннің шәһид болуына байланысты жолдауында: «Ашура мектебінен шабыттанған бұл жиһад пен шәһид болудың ұлы тұлғасы бүкіл өмірін батылдықпен Палестина мен Ливанның езілген халқын қорғауға және қарсыласу майданын нығайтуға арнап, Ислам жолында және зұлымдыққа қарсы күресте мәңгілік жарқыраған әрі шабыттандыратын күрес пен қарсыласу туындыларын қалдырды»,- деді.

Сейед Хашим Сафиаддин шәһид болғанынан кейін Иран діни оөу орындарының директоры аятолла Әлиреза Арафи былай деді: «Өмірі мен жастығын Исламға арнаған Сейед Хашим Сафиаддин өзінің басқарушылық күшімен, жалынды да нанымды уағыздарымен әрқашан сионистік режимге қарсы тұрып, иманмен, ерік-жігермен, хикметпен және шынайылықпен қиындықтарға қалай қарсы тұруға болатынын, қиыншылықтарды жеңіп, мұраттарға бір қадам жетуге болатынын бізге жасырын түрде үйретті».

Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммад Бақери де Ливандағы Хизболланың Атқару кеңесінің төрағасы Сейед Хашим Сафиаддиннің шәһид болғаны  туралы хабарға байланысты былай деді: «Хизболланың Атқару кеңесінің ержүрек төрағасы және қарсыласу жетекшісі, шәһид Сейед Хасан Насролланың адал әрі танымал серігі, ұлы күрескер Сейед Хашим Сафиаддиннің сионистік қанішер режимінің лаңкестік операциясында шәһид болуы қылмыскер сионистік армияның қасиетті Құдсты азат ету күрескерлерімен қарсыласу алаңында жеңіліске жеткенінің тағы бір дәлелі болып табылады».