Иранның Еуроодаққа экспорты 3,4 миллиард еуроны құрады
https://itolqyn.com/news/iran-i56808-Иранның_Еуроодаққа_экспорты_3_4_миллиард_еуроны_құрады
Теһран Сауда палатасы өз есебінде Иранның Еуроодаққа экспортының 3,4 миллиард еуроны құрағанын жариялады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 20, 2021 16:53 Asia/Almaty
  • Иранның Еуроодаққа экспорты 3,4 миллиард еуроны құрады

Теһран Сауда палатасы өз есебінде Иранның Еуроодаққа экспортының 3,4 миллиард еуроны құрағанын жариялады.

Есепке сәйкес, 2021 жылдың соңғы 9 айында Иран мен Еуропалық Одақ (27 ел) арасындағы сауда көлемі шамамен 3,4 миллиард еуроға жеткен. Иранның Еуроодақпен жалпы саудасындағы экспорт үлесі 19 пайызды құрады. Теһран Сауда палатасы еуропалық елдерден Иранға тауар экспортының құнының 2 миллиард 720 миллион еуроға тең болғанын және керісінше Ираннан Еуропаға 632 миллион еуро тауар экспортталғанын хабарлады.