Коронавирус: Ирандағы жағдай
Қар 21, 2021 21:10 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: "Өткен тәулікте елде 104 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 128956 адамға жетті",- деп хабарлады.
Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, кешеден бүгінге дейін тағы 4340 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 650-і ауруханаға жатқызылды. Елде жалпы індетке шалдыққандар саны 6077438 адамға жетті.
Иранда осы күнге дейін 5783425 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылды.
Тегтер