Миллиондаған ауғандықтар аштық пен кедейшілікке ұшырайды
Жел 04, 2021 16:20 Asia/Almaty
БҰҰ Ауғанстандағы 23 миллион халықтың аштық пен кедейшілікке ұшырау қаупі бар екенін мәлімдеді.
Ауғанстан дауысы агенттігінің (AVA) хабарлауынша, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Бабар Балоч Ауғанстанға сапарынан кейін: «Ауғанстандағы үйсіз-күйсіз отбасылар жылы киімге, жылыну үшін отынға, азық-түлік пен дәріге мұқтаж. Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыс күшейіп, бұл елдегі аштық бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті»,- деп жариялады.
Тегтер