Бағери Кани: Иранның ядролық жұмыстары жалғасуы керек
(last modified Mon, 06 Dec 2021 09:32:27 GMT )
Жел 06, 2021 15:32 Asia/Almaty
  • Бағери Кани: Иранның ядролық жұмыстары жалғасуы керек

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары: «Иранның ядролық жұмыстары жалғасуы керек»,-деді.

Әли Бағери Кани Al-Jazeera ақпарат арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты келіссөздердің үш кезеңінде екі принцип – кепілдік беру және дұрыстығын тексеру принциптерін қабылдағанын айтып: «Ядролық келісімге қатысты барлық санкциялар мен АҚШ-тың барынша қысым саясаты негізінде салынған немесе қайтарылған санкциялардың барлығы шұғыл түрде  жойылуы керек»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары: «Қарсы тарапқа ұсынған жобаларды жіті бақылап отырмыз»,-деді.

Бағери Кани «Егер сионистік режим Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасауға шешім қабылдаса, не істейсіздер?» деген сауалға жауабында: «Сионистер Иранға шабуыл жасауды тек түстерінде көре алады. Егер осы түске енсе, ешқашан оянбайды»,-деді.