Раиси: Иран-Қырғызстан қарым-қатынастары дамуын жалғастырады
(last modified Tue, 07 Dec 2021 09:28:46 GMT )
Жел 07, 2021 15:28 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран-Қырғызстан қарым-қатынастары дамуын жалғастырады

ИИР Президенті Иран мен Қырғызстанның ынтымақтастығының аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мен дамытуда маңызды рөл атқаратынын айтты.

«Fars» ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі мәліметі бойынша, Ибрахим Раиси жексенбі күні Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаровқа жіберген жолдауында: «Екі дос ел арасындағы қарым-қатынас дамуды жалғастырады», - деді.

Соңғы жылдары Иран мен Қырғызстан арасындағы сауда айналым артып келеді. Иранның Сауданы дамыту ұйымының мәліметі бойынша, соңғы бес жылда Иран мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы 70 пайыздан астам өсті.