Раиси: Біз Теһран-Дамаск арасында, әсіресе экономикалық және сауда салаларындағы қарым-қатынастарын нығайтуға ұмтыламыз
(last modified Tue, 07 Dec 2021 10:44:17 GMT )
Жел 07, 2021 16:44 Asia/Almaty

ИИР Президенті Иран мен Сирияның қарым-қатынасын стратегиялық деп санап, екі ел қарым-қатынастарының, әсіресе, экономикалық және сауда салаларындағы берік негіздерін нығайтуды қуаттады.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ибрахим Раиси кеше дүйсенбі күні Ибрахим Раиси дүйсенбі күні Фейсал Мекдадпен кездесуінде шетелдік күштердің аймақта және Сирия жерінде заңсыз қалуының жалғасуын аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін қауіпті деп тауып: «ДАИШ американдықтардың қолымен құрылды. Қазіргі кезде ДАИШ пен АҚШ-тың аймақтың кез келген жерінде болуы халықтардың қауіпсіздігі, тұрақтылығы мен жайлылығы үшін үлкен шығын болады»,- деді. Иран Президенті қажы Қасем Солейманидің АҚШ пен аймақтағы оның тәуелді топтарын, соның ішінде ДАИШ пен сионистік лаңкестіктің негізін жойғанына тоқталып: «Бүгінде Сирия антисионистік көзқарасымен сионистерге қарсы қарсыласудың алдыңғы қатарында»,- деп мәлімдеді.

Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Мекдад та Сирияның Теһран-Дамаск қарым-қатынастарын екі елдің ортақ мүдделері үшін одан әрі нығайту үшін барлық ынтымақтастық мүмкіндіктерін белсендіруге бел байлағанын айтып: «Сирия халқы ИИР-ның қолдауы мен көмегін ешқашан ұмытпайды",- деді.

Тегтер