Иран Президенті көршілес елдермен қарым-қатынас стратегиясына тоқталды
https://itolqyn.com/news/iran-i57368
ИИР Президенті: «Санкцияларға қарсы тұру және оларды залалсыздандыру мақсатында көршілермен қарым-қатынасты нығайту - Иран үшін тактика емес, жетекшілік қадам»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 11, 2021 18:58 Asia/Almaty
  • Иран Президенті көршілес елдермен қарым-қатынас стратегиясына тоқталды

ИИР Президенті: «Санкцияларға қарсы тұру және оларды залалсыздандыру мақсатында көршілермен қарым-қатынасты нығайту - Иран үшін тактика емес, жетекшілік қадам»,- деді.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ибрахим Раиси сенбі күні Иранның шетелдегі өкілдіктерінің сайланған басшыларының отырысында көршілес елдерге назар аудартып: «Иранның бар мүмкіндіктерін ескере отырып, көршілермен алмасуды кеңейтуге болады және бұл мәселеде Сыртқы істер министрлігінің рөлі өте маңызды»,- деп мәлімдеді. ИИР Президенті Иранның санкцияларды жою жөніндегі екі стратегиясына тоқталып: «Кейбіреулер Ислам Республикасы келіссөз жүргізіп жатқан жоқ және басқалары  Иран келіссөздерге шынайы қатыспайды немесе ешқандай жоспары жоқ дейді. Дегенмен Иран келіссөздерге ерік-жігерімен қатысып, ұсынысымен  келіссөздерге шынайы екенін көрсетті.