Амир Абдуллахиан: Заңсыз құрылған сионистік режим - аймақтағы мәселелердің себебі
Иран Сыртқы істер министрі Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (Хамас) саяси бюросының басшысымен телефон арқылы сөйлесуінде заңсыз құрылған сионистік режимнің аймақтағы мәселелердің негізі екенін баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әмір Абдуллахиан сейсенбі күні кешкі телефон сұхбатында Исмаил Ханияны Хамас ұйымының құрылған күнімен құттықтап: «Аймақтағы жалған сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру жолында тұрған санаулы елдер аймақ пен Ислам үмбетінің қауіпсіздігі мен мүдделеріне қарсы әрекет етуде»,- деп мәлімдеді. Иран Сыртқы істер министрі осы телефон сұхбатында Хамас қозғалысын қасиетті Құдсты азат ету жолындағы исламдық қарсыласу бастаушыларының бірі деп атап: «Бүгінгі таңда қарсыласу Палестина халқының тарихи құқықтарын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады»,- деді.
Хания сионистік режимнің аймаққа араласу әрекетін қауіптілік пен тұрақсыздықтың себебі және Палестина мен бүкіл Ислам үмбетіне қауіп деп атады.