Қалибаф: Ой-сана – қоғамдар мен ұлттарды өзгертудің бастауы
(last modified Sun, 19 Dec 2021 12:50:54 GMT )
Жел 19, 2021 18:50 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Ой-сана – қоғамдар мен ұлттарды өзгертудің бастауы

Иран Ислам Кеңесі Мәжіліс төрағасы ой-сананы қоғамдар мен ұлттарды өзгертудің бастауы деп атады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Бағер Қалибаф жексенбі күні исламдық гуманитарлық ғылымдарға арналған алтыншы халықаралық конгресс пен осы салаға қатысты жаһандық марапаттаудың бесінші кезеңінің ашылу рәсімінде қоғамдар мен ұлттарды өзгертудің ойлаудан басталатынын айтып: "Бұл әсіресе адамды қалыптастыратын гуманитарлық ғылым саласында басты негіз бола алады",-деді.   

Қалибаф: "Егер бір қоғамда түбегейлі өзгеріс жасағымыз келсе, Ислам революциясы, имам Хомейнидің (р.) саяси мектебі мен діни жүйенің мақсаттарын ілгерілеткіміз келсе, Иран халқының тұрмыс салтына сәйкес болып, түптамыры Ислам мен Аһл-е бейттен алынғанын қаласақ, бұл салаға басынан бастап толық қырағы әрі ұйымдасқан түрде көңіл аударуымыз керек",-деді.