Раиси Жаңа жылдың басында Ресейге сапар шегеді
https://itolqyn.com/news/iran-i57814
Иран үкіметінің баспасөз хатшысы ИИР Президентінің биылғы жылдың басында Ресейге баратынын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 28, 2021 19:00 Asia/Almaty
  • Раиси Жаңа жылдың басында Ресейге сапар шегеді

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы ИИР Президентінің биылғы жылдың басында Ресейге баратынын айтты.

Иран үкіметінің баспасөз өкілі Әли Бахадори Джахроми БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында ИИР Президентінің Мәскеуге сапарының егжей-тегжейлері мен уақытына қатысты: «Ресей Президенті Владимир Путин Иран мен Ресейдің стратегиялық өзара іс-қимылын жалғастыра отырып, ИИР Президентін келесі жылдың басында Ресейге сапармен келуге шақырды. Бұл сапар Иранның көршілес елдердің басымдылығымен екіжақты және көпжақты жаһандық ынтымақтастық саясаты аясында жүзеге асып, экономикалық және сауда ынтымақтастығын дамытуға көңіл бөледі»,- деді.