Ғарибабади: Сардар Солеймани ісіне қатысты айыптау қорытындысы сотқа жіберіледі
(last modified Wed, 29 Dec 2021 13:01:50 GMT )
Жел 29, 2021 19:01 Asia/Almaty
  • Ғарибабади: Сардар Солеймани ісіне қатысты айыптау қорытындысы сотқа жіберіледі

Иран Сот билігінің халықаралық істер министрінің орынбасары: «Генерал Қасем Солейманиге қастандық жасаушылардың соты алдағы екі ай ішінде өтеді»,- деді.

 

Иран Сот билігінің адам құқықтары жөніндегі штабының ақпараттық базасының мәліметінше, Казем Ғарибабади  сәрсенбі күні Сардар Солейманидің өлтірілуінің екі жылдығы қарсаңында: «Қылмыс орын алған ел ретінде Иракта қылмыстық іс қозғалса, тағы бір қылмыстық іс Теһран мемлекеттік және революциялық прокуратураның халықаралық істер сотына жіберілді және екі ел қылмысты тергеу үшін бірлескен тергеу комитетін құрды»,- деп мәлімдеді.  Иранның Сот билігі басшысының орынбасары шәһид Солеймани мен Әбу Мәһди әл-Мохандесті өлтіруге аймақтың үш елі мен аймақтан тыс үш елдің қатысы барына тоқталып: «Бұл лаңкестік әрекеттің көшбасшысы АҚШ»,- деді