Хазірет Әлидің туған күні құтты болсын!
https://itolqyn.com/news/iran-i5785
Исламдық Иранның жер-жерінде бүгін хазірет Әлидің туған күні аталып өтуде.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 21, 2016 17:18 Asia/Almaty
  • Хазірет Әлидің туған күні құтты болсын!

Исламдық Иранның жер-жерінде бүгін хазірет Әлидің туған күні аталып өтуде.

Бүгін бейсенбі қамари күнтізбесі бойынша 1437 жылдың ережеп айының 13-ші жұлдызы (2016 жылдың сәуір айының 21-і) – имам Әли (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы.

Хазірет Әли бен Абу Талиб (ғ.с.) ережеп айының 13-і күні анасы Фатима бинт Асад Қағбаға кірген кезде дүниеге келген.

Хазірет Исламға иман келтірген алғашқы адам болған. Ол пайғамбар (с.ғ.с.)-ның Ислам дінін таратуы кезінде оның ең басты көмекшісі болған.

ИИР-ның күнтізбесінде хазіреттің туған күні "Әке күні" деп аталады.

ИИР-ның Телерадио ұйымы барлық мұсылмандарды хазірет имам Әли (ғ.с.)-ның туған күнімен құттықтайды.