«Симорғ» жерсерік тасушы зымыраны сәтті ұшырылды
https://itolqyn.com/news/iran-i57870-Симорғ_жерсерік_тасушы_зымыраны_сәтті_ұшырылды
«Симорғ» жерсерік тасушы зымыраны 3 зерттеу жүгін ғарышқа сәтті алып шықты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 30, 2021 19:14 Asia/Almaty
  • «Симорғ» жерсерік тасушы зымыраны сәтті ұшырылды

«Симорғ» жерсерік тасушы зымыраны 3 зерттеу жүгін ғарышқа сәтті алып шықты.

Иранның Қорғаныс министрлігінің әуе-ғарыш істері жөніндегі баспасөз өкілі «Симорғ» жерсерік тасушы зымыранының сәтті ұшырылғаны туралы: «Иран әуе-ғарыш саласында жергілікті білімге қол жеткізіп, «Сафир» мен «Қасед» сияқты жерсерік тасушылармен шағын жерсеріктер ұшыру қабілетіне ие болғаннан кейін жоғарырақ қабілетке ие болу мақсатында ұшыру алаңдарын дамытып, әуе-ғарыш өнеркәсіп бағдарламасында «Симорғ» жерсерік тасушы зымыранын қолға алды»,-деді.

Хосейни «Симорғ» жерсерік тасушы зымыранының қызметі жайлы: «Бүгінгі амалда ұшу алаңы да, жерсерік тасушы да дұрыс қолданылды. Ақырында көзделген зерттеу мақсаттары орындалды»,-деді.

Ол: «Осы миссияда бірінші рет 3 жүк 470 км биіктікке секундына 7350 метр жылдамдықпен ұшырылды»,-деді.

«Симорғ» жерсерік тасушы зымыраны 250 кг-дық жерсеріктерді Жерден 500 км биіктікке шығара алады.