Теһранда 9 дей оқиғасын ұлықтау рәсімі өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i57874
Кеше, бейсенбі күні 9 дей оқиғасын ұлықтау рәсімі Теһранның имам Хұсейн алаңында халықтың түрлі әлеуметтік топтарының қатысуымен өтті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 31, 2021 14:38 Asia/Almaty

Кеше, бейсенбі күні 9 дей оқиғасын ұлықтау рәсімі Теһранның имам Хұсейн алаңында халықтың түрлі әлеуметтік топтарының қатысуымен өтті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясы жетекшісінің Сақшылар корпусындағы өкілі Абдулла қажы Садеқи осы рәсімде: «Қырағы, көреген де батыл жетекші мен велаятқа сенетін халық деген екі нығмет дұшпандардың барлық қастандықтарының біз үшін мұрсатқа айналуына себеп болды»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісінің Сақшылар корпусындағы өкілі: «Қазір қарсыласу қозғалысы Иранның шекарасынан асып, Йемен, Ирак, Сирия мен Ливанға жетті. Дұшпан құлауға жақын тұр»,-деді.  

Қажы Садеқи: «Сионистік режим өз айналасын дуалмен қоршап, қарсыласу қозғалысының зымырандарынан қорғанып жатыр»,-деді.

Қажы Садеқи: «Қажы Қасым Солейманидің мектебі барда 9 дей мектебі де болады. Қастандықтар жеңіліс тапты. Дұшпанның мақсаты – халқымыздың болашаққа үмітін жою. Демек, байқауымыз керек»,-деді.