Раиси: Хезбулла мен қарсыласу қозғалысы бүгінде аймақта басты күшке айналды
(last modified Fri, 31 Dec 2021 16:57:27 GMT )
Жел 31, 2021 22:57 Asia/Almaty
  • Раиси: Хезбулла мен қарсыласу қозғалысы бүгінде аймақта басты күшке айналды

ИИР Президенті Құм қаласында Қасиетті қорғаныс шәһидтерінің жанұялары мен қасиетті жерлерді қорғаушылардың бір тобымен кездесуінде: «Хезбулла мен қарсыласу қозғалысы бүгінде аймақта басты күшке айналды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Ибраһим Раиси америкалықтардың Сирия, Ауғанстан мен Ирактан шыққанына тоқталып: «Бүгінде америкалықтар бұрынғыдан бетер әлсіз. Аймақта Хизбулла, мұджахедин және палестиналық күштер басымдық танытып отыр»,-деді.

Раиси: «Шәһидтер аймақтағы қауіпсіздікті кепілдендірді. Қазіргі тыныш өмір шәһидтердің қанының арқасы. Бірақ дұшпандар тоқтамай, ДАИШ-ті Сириядан Ауғанстанға тасымалдады»,-деді.

ИИР Президенті: «Сионистер ДАИШ-ті гибридтік соғыстар жүргізіп, аймақтың тыныштығын бұзу үшін құрды»,-деді.

Раиси: «Сардар Қасым Солеймани бір тұлға емес, ағым еді. Оның мектебі – Аба Абдулланың мектебінің жалғасы. Сол себепті Ислам революциясының жетекшісі шәһид Солеймани мектебін танытуға тапсырма берді»,-деді.