Сардар Каани: Шәһид Солеймани соғыс алаңын да, дипломатия алаңын да басқаратын
https://itolqyn.com/news/iran-i57930
Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты "Құдс" күштерінің қолбасшысы: "Шәһид Солеймани соғыс алаңы мен дипломатия алаңы арасындағы байланысты өте жақсы басқаратын. Өйткені ол велаятқа берік еді",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 02, 2022 16:48 Asia/Almaty
  • Сардар Каани:  Шәһид Солеймани соғыс алаңын да, дипломатия алаңын да басқаратын

Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты "Құдс" күштерінің қолбасшысы: "Шәһид Солеймани соғыс алаңы мен дипломатия алаңы арасындағы байланысты өте жақсы басқаратын. Өйткені ол велаятқа берік еді",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сардар Исмаил Каани бүгін, жексенбі ИИР СІМ-нің саяси және халықаралық зерттеулер орталығында қажы Қасым Солейманидің шәһид болғанына екі жыл толу рәсімінде: "Оның көрнекті ерекшелігі – өз болмысындағы нұрды велаятқа беріктіктен алғанына сенгендігінде. Егер шәһид Солейманидің жолымен жүргіміз келсе, Ислам революциясы жетекшісінің сарбазы болуымыз керек",-деді.  

"Құдс" күштерінің қолбасшысы: "Шәһид Солеймани түрлі салаларда көшбасшы болды. Соның ішінде соғыс алаңы мен дипломатия алаңы арасында байланысты жақсы орнатты",-деді.

Сардар Каани: "Қасым Солеймани саясатқа діни сенім тұрғысынан қарады, дұшпандармен күрес сахнасындағы сәттіліктерін күнделікті іс деп санады",-деді.