Шәһид Солеймани Ислам революциясының жетекшісі тұрғысынан
(last modified Sun, 02 Jan 2022 22:20:33 GMT )
Қаң 03, 2022 04:20 Asia/Almaty
  • Шәһид Солеймани Ислам революциясының жетекшісі тұрғысынан

Аятолла Хаменеи сенбі күні қажы Қасым Солейманидің жанұясы мен оны ұлықтау штабының мүшелерімен кездесуінде шәһид Солейманиді ислам әлемі мен аймақ жастары үшін қаһармандық үлгісі деп атады.

Аятолла Хаменеи: «Бүгінде шәһид Солеймани – біздің аймағымызда үміт, өз-өзіне сенім, ержүректік, табандылық пен жеңіс символы. Кейбіреулер дұрыс айтады: «шәһид» Солеймани дұшпандар үшін «сардар» Солейманиден қауіптірек»,-деді.

Қасым Солеймани мен Абу әл-Мұхандес және басқа да жауынгерлер дұшпанмен соғыста, лаңкестікпен күресте, ДАИШ-ті жоюда және АҚШ пен сионизмнің аймақты бөлшектеу туралы жоспарын бұзуда үлкен рөл атқарды. Сардар Солеймани аймақты ДАИШ-тен құтқару үшін талмай күресіп, Батыс Азия мен одан тысқары жерлерге тұрақтылықты қайтаруда айшықты рөл ойнады. АҚШ осы террор арқылы шын мәнінде ДАИШ лаңкестеріне ауыр соққы берген қолбасшыларды нысанаға алды. Сардар Солейманиге жасалған террордан шамамен бір ай бұрын АҚШ армиясының Ирактағы бөлімшесінен АҚШ-тың лаңкес күштері CENTCOM-ға жіберген есебі көрсеткендей, АҚШ қарсыласу күштерінің бірінен соң бірі жеңіске жетіп, ДАИШ-тің жеңіліс тауып, жойылуына қатты алаңдаған. Олардың террор жасаудағы мақсаты аймақта лаңкестіктің жойылуының алдын алу болды. Бұл мәселе сардар Солейманидің АҚШ пен Израильдің аймақтағы жобасының жеңіліс табуында стратегиялық рөл ойнағанын көрсетеді.

Бұл жерде ДАИШ лаңкестік-тәкфирлік тобының АҚШ пен сионистік режимнің мүдделерін қамтамасыз етіп, АҚШ-тың аймақтың түрлі жеріне гегемониясын дамытып, ислам әлемінде бейберекеттік тудыру мақсатында құрылғаны анық. Сирия мен Ирактағы қақтығыстар аймақта кез келген қарсыласу ағымын жоюды көздеген қастандықтың бір бөлігі болды. Қажы Қасым Солеймани соғыс алаңында стратегиялық рөл атқармағанда Сирия мен Иракта және бүкіл аймақта ДАИШ лаңкестік-тәкфирлік тобын толық жеңу мүмкін болмас еді. Сионизм мен АҚШ-тың империализмі шын мәнінде Ислам революциясы мен қарсыласу күштерінен ең ауыр соққы көріп, тарихтағы ең сорақы жеңілістер тапты.