Джабери Ансари: АҚШ Жоғары сотының үкімі сионистік ортаның ықпалының жалғасып жатқанын көрсетеді
(last modified Fri, 22 Apr 2016 15:18:42 GMT )
Сәу 22, 2016 21:18 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари: АҚШ Жоғары сотының үкімі сионистік ортаның ықпалының жалғасып жатқанын көрсетеді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Жоғары сотының ИИР-нан өтемақы (айыппұл) талап ету туралы үкімін сионистік ортаның АҚШ үкіметіндегі ықпалының жалғасып жатқанын көрсететінін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Хосейн Джабер Ансари бейсенбі күні бір мәлімдеме таратып, АҚШ Жоғары сотының ИИР-нан өтемақы талап ету туралы үкімін айыптай келіп, бұл үкімнің халықаралық құқықтардың басты принциптеріне қайшы екенін айтты.

Джабер Ансари: «АҚШ Жоғары соты тарапынан мұндай үкімнің шығарылуы әділеттік пен заңның аяққа тапталуымен бірдей және елдің азаматтарына ешқандай құқық бермейді»,-деп қуаттады.

Иранның дипломатиялық аппаратының ақпарат хатшысы мұндай үкімнің ИИР-ның мүлкіне қол сұғу болып саналатынын айтып: «Бұл үкімнің Иранға таңған өтемақысын төлеу мен зияндарын өтеудің жауапкершілігі АҚШ үкіметінің мойнында болмақ»,-деді.

АҚШ Жоғары соты сәрсенбі күні 20 сәуірде осы елдің соттарының былайша айтқанда лаңкестік қылмыстардың құрбандарына қатысты арыздарды қарастыруда өтемақы төлеу үшін Иранның бұғатталған мүлкінен пайдалана алатынын растады.