Генерал Сафави: Сардар Солеймани мектебі америкалықтар мен сионистердің қорлығына себеп болды
https://itolqyn.com/news/iran-i57994-Генерал_Сафави_Сардар_Солеймани_мектебі_америкалықтар_мен_сионистердің_қорлығына_себеп_болды
Иран Қарулы күштері Жоғарғы қолбасшылығының көмекшісі әрі жоғары кеңесшісі: «Генерал Қасым Солеймани мектебі америкалықтар мен сионистердің қорлығына себеп болды»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 04, 2022 20:29 Asia/Almaty
  • Генерал Сафави: Сардар Солеймани мектебі америкалықтар мен сионистердің қорлығына себеп болды

Иран Қарулы күштері Жоғарғы қолбасшылығының көмекшісі әрі жоғары кеңесшісі: «Генерал Қасым Солеймани мектебі америкалықтар мен сионистердің қорлығына себеп болды»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, генерал-майор Сейед Яхья Рахим Сафави сейсенбі күні Теһранның батысындағы Казвиндегі Имам Хомейни университетінде бейнебайланыс арқылы өткен «Қарсыласу және болашақ әлем» халықаралық конференциясында: «Адам құқықтары туралы уәжденетін АҚШ халықаралық құқықты бұзып, ресми шақыруымен Иракқа барған жоғары дәрежелі ирандық қолбасшыны өлтірді»,- деп мәлімдеді. Генерал-майор Рахим Сафави америкалықтар мен сионистердің сардар Солейманиден қорқуына және оның бүкіл әлемдегі мұсылмандар мен бостандық іздеушілер арасында танымал болуына тоқталып: «Америкалықтар мен сионистер сардар Солейманиді  өлтіріп, қарсыласу майданын әлсіретуді көздеді, бірақ Солейманидің шәһид болуы Иран, Ирак және басқа да мұсылман елдері халықтарының  үлкен қозғалысын тудырды»,- деді.