Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Иранға қарсы жуырдағы іріткі салу әрекеттерін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын айқын түрде бұзушылық деп атады.
Аятолла Мохаммад Моваххеди Кермани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында АҚШ-тың Жоғарғы Сот билігінің Иранның бұғатталған мүлкіне байланысты шешіміне реакция білдіріп: "АҚШ-тың бұл әрекеті оның өз міндеттерін орындауда тұрақсыз екенін және бұл елге ешқашан сенім артуға болмайтындығын дәлелдейді" деді.
Аятолла Моваххеди Кермани Ислам Республикасының зымырандық мүмкіндіктеріне байланысты Батыс елдеріндегі, әсіресе АҚШ-тағы дауға тоқталып: "АҚШ қарсы күштерді тежеу және олардан қорғану мақсаттарында пайдаланатын аталмыш мүмкіндіктерге қарсылық білдіруде, ал өзі ең қауіпті жаппай қырып-жою қаруларына ие.
Йемендегі Сауд Арабиясы әскери күштерінің қолынан қаза тауып жатқан халық, соның ішінде күнәсіз балалар мен әйелдер АҚШ-тың сатып жатқан заманауи қаруларының құрбандары.
Иран Ислам Республикасы АҚШ-тың көрсетіп жатқан қысымына қарамастан ешқашан берілмейді, сондай-ақ, кез-келген қауіп-қатер мен санкцияға қарамастан өзінің зымырандық бағдарламасын іске асыруды жалғастырмақ" деп баса айтты.
Аятолла Моваххеди Кермани Сауд Арабиясының қажылық мәселесіне қатысты іріткі салу әрекеттерінің АҚШ пен Израиль режимі тарапынан шығып жатқанын айтып: "Ислам ахкамдары мен Құранға қайшы келетін іріткі салу әрекеттері Сауд әулеті режимі үшін жақсылықпен аяқталмайды" деді.