Вена келіссөздері; кез келген келісім Иран халқына қарсы қысымшылық санкциялардың жойылуына байланысты
(last modified Wed, 26 Jan 2022 18:03:33 GMT )
Қаң 27, 2022 00:03 Asia/Almaty
  • Вена келіссөздері; кез келген келісім  Иран халқына қарсы қысымшылық санкциялардың жойылуына байланысты

Кейбір ақпарат құралдары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру келісім туралы Иран-АҚШ тікелей диалогының мүмкіндігі жөнінде әртүрлі сараптауларын жариялағаннан кейін Иран Президенті Ибраһим Раиси: «Залым санкциялар жойылған жағдайда кез келген келісімге қол жеткізуге болады»,- деді.

 

Венада Иран халқына қарсы қысымшылық санкцияларды жою мақсатты  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қайта жандандыру үшін келіссөздердің жаңа кезеңі жалғасуда және бұл келіссөздердің барысы және түрлі делегация басшылары деңгейінде кездесулер өткізу туралы оң есептер жарияланды. Бірақ кейбір жаңалықтар, Вена келіссөздерімен қатар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жандандыру туралы келісімге қол жеткізу үшін АҚШ-Иран тікелей диалогын ұсыну туралы тақырыпты көтерді. Иран Президенті Ибраһим Раиси сейсенбі күні кешке тікелей эфирде  халықпен сұхбатында  Вена келіссөздерінің соңғы үдерісі және АҚШ-тың Иранмен тікелей келіссөздер жүргізу туралы өтінішіне қатысты Иранның ұстанымы туралы: «Бұл сұраныс бүгін шыққан мәселе емес, жылдар бойы  айтылып келеді, бірақ әзірге америкалықтармен келіссөздер жүргізілген жоқ»,- деді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жандандыру туралы келісімге жол ашатын кез келген жаңа әрекет нақты сөздер мен істердің бірізділігін талап етеді.  Сондықтан кейбір мәлімдемелер бұқаралық ақпарат құралдарының нақты мақсаты мен әсеріне көбірек қатысты. Сенім дұрыс, дәйекті сөздер мен іс-әрекеттер арқылы туындайды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тәжірибесі американдықтардың ісі мен сөзінің бір емес екенін көрсетті. Обаманың Америкасы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісіміне 2015 жылы қол қойды, бірақ Трамптың Америкасы өз үкіметінің міндеттемелерін елемей, 2018 жылы аталмыш келісімнен шығып, Иран халқына қарсы жаңа санкциялар салды. Сенім деңгейіне жету «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойғандардың, әсіресе АҚШ-тың сөздері мен әрекеттерінің сәйкестігіне байланыста. Осы сенім деңгейін Иран тексеріп, мақұлдаса, Венада жақсы әрі тұрақты келісімге қол жеткізу үшін келесі қадамдарға назар аудара аламыз.